01
июнь
2023
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНАН БАСТАЛАДЫ
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 МАУСЫМЫНАН БАСТАЛАДЫ🔰2023-2024 оқу жылына МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 маусымынан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 маусымынан қабылданады.
📌Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
📌Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды мектепалды даярлық қабылдауды қамтамасыз етеді.
.
📌Балаларды мектепалды даярлық сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
✅Өтініш;
✅Бала денсаулық паспорты 026/у-3 нысаны, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅3*4 көлеміндегі 2 дана сурет.