03
сентябрь
2025
🔰Қауіпсіздік сабақтары
2025 жылы 03-ші қыркүйек күні теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерін бұзуының алдын алу мақсатында. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты А.Джанабаев және Құмшағал ауыл округінің әкімі Ж.Алтынбеков, Жамбыл жол дистанциясының орынбасары С.Казмаганбетов, Құмшағал ст. бастығы Е.Айтымбетовпен бірлесіп, Тараз қаласы №19 орта мектебінде ағымдағы жылдың 25 тамыз – 10 қыркүйек аралығында «Абайлаңыз балалар» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын түсіндіріліп еске салды:
- Теміржол жолдармен жүруге қатаң тыйым салынады!
- Теміржол бойымен шеткі рельстен бес метр қашықтықта жүруге болады!
- Теміржол жолдары арқылы жаяу жүргіншілер палубасымен жабдықталған жерлерде ғана өтіп, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына сенімді бола аласыз!
- Жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалану ұсынылмайды!
- Тұрған вагондарға көтерілмеңіз, теміржол электрлендірілген, кернеуі 27000 вольт!
Құрметті азаматтар, сіздердің назарларыңызды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ балаларды бақылауды күшейту қажеттілігіне аударамыз!!!!!