2023-2024 оқу жылындағы №19 орта мектебінің директоры Айтбекова Мария Үрзатқұлқызының баяндамасы.
2023-2024 оқу жылында №19 орта мектебінде жылдық қорытындысы бойынша 1-11 сыныптар 814 оқушымен, мектепалды даярлық сыныптарда 24 тәрбиеленушімен аяқтады. Осы оқу жылында 33 оқушы кетіп, 41 оқушы келді. 2-11 сыныптарда барлығы 747 оқушы, білім сапасы (63,7%), үздік 126 оқушы (16,9%), екпінді 350 (46,8%), орташа оқитындар 271 (36,3%), барлық оқушылар үлгереді.
Бастауыш сыныптарда білім сапасы 66,3%, 1-4 сыныптарда 326/259 оқушы (66%),оның ішінде үздік 67 оқушы (25,8%), екпіндісі 104оқушы (40,1%), орташасы 88 оқушы (33,9%).
5-9 сыныптарда білім сапасы 62,5%, 5-9 сыныптарда 461 оқушы (62,3%), оның ішінде үздік 57 оқушы (12,3%), екпіндісі 231 оқушы (50,1%),орташасы 173 оқушы (37,5%).
10-11 сыныптарда білім сапасы 63/%, 10-11сыныптарда 27 оқушы (57,1%), оның ішінде үздік 2 оқушы (7,4 %), екпіндісі 15оқушы(55,5%), орташасы 10 оқушы (37%). Аттестатталмаған, «2»-ге бағаланған оқушылар жоқ. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны - 6. Жеке қаралымда оқитын оқушылар саны 6, үлгерімі-100%, екінші жылға қалдырылған оқушы жоқ. Жыл басында барлық оқушы оқулықпен қамтылды. 1-4 бастауыш сыныбында білім алған 323 оқушы түгел ыстық тамақпен қамтылды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балалар саны- 203.
2023-2024 оқу жылында оқушылармен жүргізілген негізгі құндылықтарымен бағыттары ,формалары мен нысандары: Қазақстан Республикасының оку-ағарту министрінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасымен» жұмыс атқаруда.
2023-2024 оқу жылында қызметкерлер саны 77 педагог, 4 педагог қосалқы қызметкер. Оның ішінде 70 педагог жоғарғы білімді. Оның ішінде 7 педагог арнаулы орта. Педагог-зерттеуші -10, Педагог-сарапшы-18, Педагог-модератор-16 , сапасы-36,4%
2023-2024 оқу жылында-100 біліктілігін арттыру курсынан өтті. Осы жылда 45 Республикалық, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиадалар, байқаулардан жүлделі 14 орын алды. «Алтын қазына көркем және сәндік қолданбалы өнері» бойынша балалар шығармашылығының қалалық көрме байқауынан жүлделі екі бірінші орын , «Мағжан оқулары» байқауынан 3 орын біреу, «Абай оқулары» байқауынан орын 2 орын біреу, «Мұқағали оқулары» байқауынан 2 орын біреу, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жамбыл облысы чемпионатында» жүлделі 2 орын біреу. «Шерхан Мұртаза» атындағы руханият және тарих тану орталығы «Мақал сөздің мәйегі байқауынан» 1 алғыс хат .
Мектебіміздің рейтінгісі мен білім сапасы жылдан жылға артып келеді.