Қыз-Жібек клубы
Мектебімізде «Қыз Жібек» қыздар клубы жұмыс жасайды, мектеп медбикелері С.Тұрғынбекованың , Д.Ажахынованың және «Мейірім №8» емхананың акушері А.Батырбекованың қатысуымен «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
2018-2019 оқу жылында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, бірқатар жұмыстар жасалынды. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен, педагогтармен, ата-аналармен жиналыстар өткізіліп насихаттау жұмыстары жүргізілді. «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Жамбыл облысының киелі тарихи орындарына» және Б.Момышұлы атындағы ашылған «Жеңіс» саябағына экскурсияға 8-9 сыныптың 85 оқушыларын апардық .
23 қараша күні «Кемелді келешекке кемеңгер Елбасымен» атты ЖасҰлан,
Жас Қыран ұйымына қабылдау рәсімі өтті.
23 қараша күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күні бойынша мынандай іс-шаралар өткізілді. «Сүйіспеншілік –адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет –оның шынайы өмірі» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Сүйіспеншілік –адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет –оның шынайы өмірі» тақырыбы аясында әңгімелер өткізілді.Қазақ тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастырумен «Сүйіспеншілік –адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет –оның шынайы өмірі» тақырыбында шығарма байқауы болды. Көркем еңбек пәнінің ұйымдастырумен «Сүйіспеншілік –адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет –оның шынайы өмірі» тақырыбында сурет байқауы және «Жүрек қуанышы» тақырыбында оқушылардың шығармашылық көрмесі мектеп фойесіне ілінді. Сондай-ақ өзін-өзі тану мұғалімі М.Айтбекованың ұйымдастырумен 7 сынып білім алушыларымен «Жүрек қуанышы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мектеп кітапханасында кітапханашы Д.Байжігітованың ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік-әрбір жүректе» кітаптар көрмесі жасалынды.Мектеп мұғалімдері арасында «Үлгі болу-қызмет етудің ең тиімді жолы» тақырыбында тимбилдинг өткізілді. «Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы» тақырыбында ата-аналар арасында дәріс оқылды және «Балалықтың бал шағы» тақырыбында 4 а сынып ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі У.Жумагулова 5 сынып білім алушыларымен «Уроки добра» атты сыныптан тыс сабақ өткізді.

