Жамбыл обылысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №19 орта мектебі КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.
Жамбыл обылысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
№ 19 орта мектебі КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі
бос лауазымына тағайындауға конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс.
Лауазымдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарына сәйкес және " Құндылықтарға негізделген білім беру« тұжырымдамасының негізінде оқыту
мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал
етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
Электронды журналдарды толтырады.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес
тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес
олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды
барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге
асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. Білім беру ұйымдарында „Құндылықтарға негізделген білім беру“
тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
алдын алады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының
„Білім туралы“, „Педагог мәртебесі туралы“, " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы«, „Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“ Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен
перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік
құқықтық актілерді,
педагогика мен психологияны,
пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен
нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттарымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 „Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы“ бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік туралы педогог-модератор,педогог-сарапшы,педогог- зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік;
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау қағазы;
Айлық жалақы мөлшері: 100000 — 120000теңге
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21 ақпан -28 ақпан 2022 жыл
Білім беру мекемесінің мекенжайы: Тараз қаласы, Құмшағал алқабы, Сейфулина көшесі 1 , телефоны 96-31-80