26
апрель
2025
«2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы»
«2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы»
2025 жылдың 24 сәуір күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау мақсатында 11 округтің, атап айтқанда, 19,55,56,57,59 орта мектептердің кәсіптік бағдар беруші педагогтері ұйымдастыруымен мектепаралық жас жайдарманшылар ойыны өткізілді.
Ойынға «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Нұрланов Азамат, «Жайдарлы жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі әкімгері, жайдарманшы, Рахмалы Әзиз және Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогі, Кожагалиева Замира Бактыгалиевна әділ-қазылық етті.
Аталған іс-шараға бес құрама қатысып, ІІІ дәрежелі допломмен «Шөлдала» құрамасы және «5 бас 1 ми» құрамасы, ІІ дәрежелі дипломмен
«56 тарландары» және «На рахате» құрамалары, ал І дәрежелі дипломмен №19 орта мектебінің жас жайдарманшылары «Құмшағал жастары» құрамасы марапатталды. №55 орта мектебінің «Шөлдала» құрамасының жайдарманшысы Ергешов Нұрпейіс «Үздік ойыншы» номинациямен, «Шөлдала» құрамасы «Үздік әзіл» номинацияларымен марапатталды.
Ойын соңында арнайы уақыттарын бөліп келген әділ-қазы алқаларына алғыс хаттар табысталды.
«Жайдарман» - ол достар мекені. «Жайдарман» жас, мамандық талғамайды. Жайдарман-астарында шындық бар әзіл айту, қоғамдағы әр түрлі мәселерді әзіл арқылы жеткізу әрбір адамның қолынан келе бермейтін өнер екендігіне көз жеткізгендейміз.