Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар
2018 жылдың 12-13 қараша аралығында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанның өткізілуі ДҚТІЖО К.Р.Ескараева «Зорлық –зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізілді. «Бақытты отбасы» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында фотоконкурс ұйымдастырылып, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мақсатында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
Қазақ тілі пән мұғалімі Л. Ахынбаева 9-11 сыныптар арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында үздік шығарма байқауы өткізілді. Үздік шығарма жазған оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
«Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» тақырыбында педагогтармен семинар өткізілді.
«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында мектеп психологы ата-аналармен семинар өткізді.
«Өмірдің қауіпті тұстары және оны еңсеру жолдары», «Баланы ренжіту мен кемсіту болмасын» тақырыптарында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
Мектепке бару және үйге қайтудың «Қауіпсіз жол» бағыты қозғалысының сызбасын жасап, оқушы мен ата-аналарға таныстырылды.
2018 жылдың 24 қазан күні 1-4 қазақ, орыс сынып оқушыларына «Жол қозғалысы ережелері» туралы бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликте жолда жүру ережесінің әрбір белгісіне түсініктеме берілді. Оқушылар осы бейнероликтен көптеген мәліметтер алды.
Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Оразалиев Ерғали Сәкенұлы 16.10.2018 ж күні № 19 орта мектебінің 8 – 11 сынып оқушыларына «Балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын-алу» тақырыбында лекция оқыды.
2018 жылдың 21 қыркүйек күні сағ 12.30-13.00 де өткен « Жер сілкінісі кезіндегі оқушылардың іс-әрекеті» тақырыбындағы сейсможаттығу өткізілді.
Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінің психолог маманы А.М.Дөненбаева бірлескен жылдық жоспар негізінде «О вреде алкоголя на организм подростка», «Зиянды әдеттер, олар неге қауіпті», «Наркомания проблема - ХХІ века» бейнеролик, «АИТВ алдын алу», «Гашиштік нашақорлық тұтынудың алдын алу», «Есіркісіз, темекі мен сырасыз әдімі өмір сүр. Спортты сүй, жабықпа. Өмір сүр! Жаса! Арманда!», «Темекі шегуді тастаудың ең жақсы әдәсә балалық шақтан темекі шегуді бастамау» тақырыбында дәрістер мен кездесулер өткізді.
Қазан айында 1-11 сынып жекекшілері «Суицид – тығырықтан шығатын жол емес» тақырыбында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар алынды.
«Діни адасушылықтан сақтандыру, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында 5-11 сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.