Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар » СШ №19
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Төле би атындағы №19 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(705) 797-08-09
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-05-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар
11
ноябрь
2018

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шаралар

2018 жылдың 8 қарашада жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс төрайымы мектеп директоры М.У.Айтбекова, хатшы Қ.Баймаханова болды. Қатысқандар: ата-аналар, педагогтар, мектеп инспекторы Кеңес Б. Күн тәртібінде 1. Оқушылардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету туралы 2. Окушылар арасындагы кукык бұзушылыктын, нашакорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудын алдын алу туралы сұрақтары қаралып, ата-аналарға келесідей ұсыныс берілді: 1. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша балалардың бос уақытын қадағалау ата-аналар тарапынан қадағалансын.

    Мектепке бағалы ұялы телефондарды, смартфондарды және планшеттерді алып келмеу туралы ата-аналармен жиналыстар жасалып, түсіндірме жұмыстары   жүргізілген және ата-аналармен келісім хаттар бар. 


  

Мектепте 1 жайсыз отбасы бар. Алимбековтар  отбасы әкесі – Турдалиев Самат - жұмыссыз, анасы Алимбекова Нургул – жұмыссыз, аз қамтылған , бала саны-7. Мектепте 3 баласы оқиды.

Мектепте толық емес отбасы балалардың  саны-69.   Оның ішінде әкесі қайтыс болған, анасы тастап кеткен, ата-аналары  ажырасқан   отбасылар.

         Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында төмендегідей іс-шаралар өткізілді. 

         2018 жылдың  20 тамыз - 20 қыркүйек аралығында өткізілген «Қауіпсіз мектеп» атты республикалық акция аясында атқарылған іс-шаралар атқарылды.

        Оқу сыныптарының, мектеп асханасы, спортзал мен медициналық кабинеттің, су құбырларының, жылу жүйесінің , ғимараттың өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуынының бақылау жұмыстары жүргізілді.

         Мектепке балаларды тасымалдайтын көліктердің техникалық талаптарға сай болу жағдайы қаралып, бағыт-бағдар схемасы сызылған.

         Мектеп оқушылармен көшеде, жолда үйде, сонымен қатар бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп сынып сағаттарын өткізді. Жол патрульдік полициясымен дәрістер өткізілді. Оқушы мен ата-ана арасында, оқушының мектепке бару-қайту жолындағы қауіпсіздік пен жауапкершілік туралы ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1-8 сыныптары жолда жүру ережесі бойынша нұсқаулықтармен таныстырылып, ақпараттар таратылды.  

         Тараз қаласы ІІБ ЖППБ полиция лейтенанты Айтжанов Е.А. «Жолда жүру ережесі» туралы 1-4 сынып оқушыларына ақпарат  берді.


  


            Оқушылар жиі кесіп өтетін жолдарда мұғалімдерден  кезекшілік  ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында және бастауыш сынып кабинеттерінде «Қауіпсіз жол», «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыптарында бұрыштар ұйымдастырылған.

  


             Мектепке бару және үйге қайтудың «Қауіпсіз жол» бағыты қозғалысының сызбасын жасап, оқушы мен ата-аналарға таныстырылды.

         2018 жылдың 24 қазан күні 1-4  қазақ, орыс сынып оқушыларына  «Жол қозғалысы ережелері» туралы бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликте жолда жүру ережесінің әрбір белгісіне түсініктеме берілді. Оқушылар осы бейнероликтен көптеген мәліметтер алды.  


 



          «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы жоспарына сәйкес төмендегідей ісшараларды өткізді.  Атап айтатын болсақ, 1-4 сыныптар арасында «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттары, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторының қатысуымен  5-9 сынып оқушыларының арасында жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                   Мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Нұрмаханов Б. пен Тәттібекова Б. «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. 

          Мектеп тәлімгері Баймаханова Қ. 6-11 сынып оқушыларымен жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру бойынша «флешмоб» өткізді. 

  


         2018 жылдың 25 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ жoспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мейірбек Аян Алпысбайұлы   8-11 сынып арасында оқушыларға адаспау үшін жат ағымдардың сипатын, жат ағымның жалған уағыздарына ермеуге, сайттардағы адастырушы ақпараттардан өздерін аулақ ұстауға шақырды. Дін сауатын дұрыс ашуға және Қазақстан мұсылмандары әсіресе жастарымызды бұл ағым бойынша жалған уағыздарына ермеуін айтты.


  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив