25
сентябрь
2018
Ата-анамен келісім шарт
Ата-анамен келісімшарт
Ата-анамен келісімшартС. Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебі мен_______________ ______ата-ана арасында келісімшарт.
Келісім шартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелерін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне және С. Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебінің жарғысын басшылыққа ала отырып жасалған 31.08.18 ж №1 педагогикалық кеңесте қаралып ұсынылған.
1. Келісімшарт тараулары
1.1 Келісімшарт мекеме директоры мен оқушылардың ата-анасы арасында жасалды.
1.2 Келісімшарттағы шарттарды орындауға екі жақ міндетті.
2.Оқушыларды қабылдау
2.1 С. Нұрмағанбетов атындағы №10 орта мектебіне оқушы ата-аналардың өтініші бойынша қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады /күні,айы,жылы/
2.2 Оқушы _________________________________________________________қабылданды.
(Аты-жөні,туған жылы, айы )
2.3 Сабақта болатын уақыты 08:00-ден 14:15 – ге дейін
13:30-ден 19:30- ға дейін
2.4 Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
3. Ата-анаға қойылатын талаптар «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;
Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
Баланың сабақтан тыс іс шараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
Баланың қалтасында өткір, үшкір, түйрейтін, кесетін, улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті.
Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлу;
Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі
Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
Ата-ана баласын мектеп формасымен, екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
Сынып жетекшісімен алдын- ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен, балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.
Ата-ана міндеті
4.1 Мекеме қызметкерлеріне сыпайылық танытуға
Қызметкерлер жағынан дөрекілік,қателік болған жағдайда директорға ескертулері қажет.
4.2 Санитарлық гигиенаны сақтау, мектеп ережесін орындау: баланы оқу орнына мектеп формасымен және оқу құралдарымен жіберу шарт.
4.3. Мұғаліммен тығыз байланыста болуға, тәрбиелеуде, білім алуына белсенділік таныту, «Ашық есік» күндеріне қатысу.
4.4. Сабақтан қалған жағдайда міндетті түрде сынып жетекшісіне немесе 43-69-03 телефонына (кезекшіге ) хабарлау.
4.5. Келісімшарттағы барлық талаптарды орындаулары керек.
5. Ата-ана құқығы
5.1 Оқушы туралы кез келген мәлiметтi алуға, пән мұғалiмдерi мен психологтан жеке кеңес алуға;
5.2. Мұғалiм келiсiмiмен сабаққа қатысуға, сабақтың қорытындысын талдауға;
5.3. Мектептегi кез келген шараларға қатысуға;
5.4. Мектептегi өз баласының мүддесiн қорғауға;
5.5. Оқу - тәрбие жұмыстарының сапасын талап етуге;
5.6. Бала денсаулығына келтiрiлген зияндықтардың орнын толтыруды талап етуге; жұмсалған шығындардың есебiн талап етуге.
5.7. Мектеп пен ата-ана арасында жасалған келiсiм - шартты орындауға;
5.8. Мектептiң Жарғы талаптарын орындауға;
5.9. Мектептiң материалдық базасын кеңейту мен ұйымдастыруда өз мүмкiншіліктерінше қатысуға;
5.10 Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
5.10. Мектеп басшыларының өтiнiшi бойынша мектептегi үлкен шараларды өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға;
5.11. Ата-аналар түрлі қоғамдық және бірлестік жұмыстарға қатысуға құқықты.
5.12. Балалармен жұмыс жүргізуді жақсарту жағдайында өз ойларын айтуға, қосымша көмектер ұйымдастыруға құқықты.
5.13. Келісім шарттың орындалуын қадағалауға.
6. Оқушының құқығы
6.1. Жарғыда кепілдік берілген, мемлекеттік стандартқа сай деңгейде білім алу;
6.2. Оқу үрдісі барысында лаборатория, оқу, акт, спорт залдарын, кітапхананы тегін және медициналық кабинет қызметтерін пайдалану;
6.3. Өздерінің сынып бөлмелерін сақтау және оқу-тәрбие үрдісінің сапасына қатысты өз пікірін білдіру;
6.5. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектептің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген талаптарды ұстану;
7. Оқушының міндеті
7.1. Білім бағдарламалары мен жоспарларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындау;
7.2. Өзінің мәдени деңгейін жүйелі көтеруге, мектеп формасын сақтауға;
7.3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;
7.4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің кадрларына бағыну.
7.5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- үлкендерді құрметтеу;
- басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы алаңдау.
7.6. Мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүру.
7.7. Сабаққа кедергі жасайтын түрлі техникалық құралдарды (ұялы телефон, аудио, видеоплеер, құлақ қап т.б ) әкелуге тыйым салынады.
7.8. Мектеп ғимаратын, мектеп мүлкін сақтауға мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау;
7.9. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;
7.10. Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
Оқушылардың мектеп формасы
8.1. Ата-аналар комитеті жиналысының №1 хаттамасына сәйкес бекітілген мектеп формасын сақтауға және киюге құқылы: (киім үлгілері мектеп ережесінде бар)
8.2.Ұл балалар үшін: көк түсті, классикалық (іскер) үлгідегі костюм - шалбар. Ақ түсті жейде, көк түсті галстук, төс белгі.
8.3. Қыз балалар үшін: қою сұр түсті юбка - жакет, ақ түсті жейде, ақ бантик, төс белгі.
8.4. «Жас ұлан» ұйымы мүшелері (5-7 сынып оқушылары) көк түсті галстук.
8.5. Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек.
8.6. Мектепте себепсіз сыртқы киіммен және көше киіммен жүруге болмайды.
8.7.Салтанатты жиналыстарға және жалпы мектепшілік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
9. Мекеме құқығы
9.1 5 –сыныпқа қабылдау емтиханы арқылы оқушылар қабылдау.
9.2 9- сынып оқушыларын мектеп есебінен шығарып, 10-сыныпқа емтиханы арқылы қабылдау.
9.3 Ауырып тұрған баланы ата-анасына хабарлау.
9.4 Ата-аналар өз міндеттерін орындамаған жағдайда келісімшартты бұзуға құқылы. Бұл жөнінде ата-аналар алдын-ала ескертіледі.
9.5. Себепсіз қалған баланы анықтау.
9.6. Жанұядағы бала тәрбиесіне мән беруге.
9.7 Ескерту беріліп, нәтиже шығара алмаған кез келген жастағы оқушыны мектеп педагогикалық Кеңесiнiң шешiмiмен мектептен шығарылады.
9.8 Оқушылар кітапханадан алған кітап үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
10. Қорытынды
10.1 Келісімшартты ата-аналар себепсіз бұзу жағдайында мектеп әкімшілігіне алдын-ала ескертулері керек.
10.2 Келісімшарт 2 данада жасалған: ата-анаға және мектеп директорында
10.3 Келісімшарт қол қойылған уақыттан бастап жүзеге асады. Өзгерту немесе толықтырылу енгізілген жағдайда ғана қайта жасалады.
10.4 Екі жақ қол қойып, мемлекеттік мекеменің мөрі қойылған кезден бастап келісімшарт күшіне енеді.
Ата-ана _______________ Мектеп директоры_________________
(аты-жөні) ( аты –жөні)
« » ________ 20___ « » ________ 20___