Қамқоршылық кеңес
№19 орта мектебінде құрылған қамқоршылық кеңестердің (ата-аналардың)
2018 жылында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша
өткізілген жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы №1
Тараз қаласы
Өткізілген күні: 5.10.2018 ж.
Қатысқан ата-аналар саны: 75
Шақырылғандар:
- Тараз қаласы прокуратурасының бөлімінің прокуроры Нуралиев Бекжігіт Абдалыұлы.
Жиналысты жүргізген: Мектеп директоры Айтбекова М.Ү.
Күн тәртібінде:
- 2018 жылында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар есебі.
Тыңдалды:
№19 ОМ директоры Айтбекова Мария Үрзатқұлқызы жиналысты ашып берді.
Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетсем. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
- Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Тараз қаласы ІІБ 2-ші ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Кеңес Б.Ә. - «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, 2018 жылында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралардың есебін берді. «Құқық бұзушылықтың алдын алу» кеңесінің жоспарында бекітілген іс-шаралар орындалуда. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы қоғамдық орындарға, қоғамдық көліктерде, оқу орындарында мектептерде ұялы телефон ұрлықтары көбейуіне байланысты, жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасамау, біреудің затын алмауға, ұялы сенсорлық телефон ұстамауға талап етті. Қылмыс жасаған оқушыларға яғни, кәмелетке толмаған жасөспірімнің үстінен ҚР ҚК – нің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде және сол кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата – анасына ҚР ҚК – нің 140 бабы бойынша міндетті түрде іс қозғалатындығы жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар, 1-11 сынып оқушылары арасында «Зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу», «ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы №26 бұйрығы негізінде және кез-келген діни конфенссияға қатынасын білдіретін діни киімдерге тыйым салынуы»,1–11 сынып оқушыларымен ата-аналар арасында «Ғаламтордың зиянды әсері», «Жасөспірімдер арасында бопсалауды алдын алу», «Жолда жүру ережесі мен темір жолдан өткендегі қауіпсіздік ережелері», «Жазғы демалыс кезінде ересектердің қадағалауынсыз суға шомылмау және табиғат аясына шықпау, сағ. 22.00 ден кейін көшеде қыдырмау» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектепте есепте тұрған оқушылармен және ата-аналармен ай сайын әңгіме жүргізілді. Тәртібі төмен оқушылармен әңгіме жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет.
Кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстың өсуіне басты себеп ретінде олардың қоғамға жат әрекетті мас күйінде істеуін алуға болады. Қылмыс істеп, сотталған жасы толмағандардың 1144-і (100%) қылмыс істеу кезінде мас күйінде болғанын сот-тергеу нәтижесі көрсетсе, бас бостандығынан айырылып, сотталған 20-сы (1,7%) құрайды. Мас болғандықтан, қылмыстық әрекетке барған. Жасы толмағандар қылмысы ересектер қылмысымен салыстырғанда, тигізер зардабының аздығымен сипатталатыны белгілі. Сонымен қатар, жасы толмағандар қылмысынан пайдакүнемдік пен күш көрсету арқылы пайдакүнемдік ниет пен мақсатты көздегендіктері айқын көрінетініне көз жеткізуге болады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналарға төмендегідей ұсыныстар берілді:
- Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жандандырылып, үнемі қадағалауда болсын.
- Балаларының кешкі сағ. 22.00-ден кейін сыртқа шықпауын, демалыс уақытында балаларының жүріс-тұрысымен, мектепке келіп-кетуін ата-ана тарапынан бақылауға алынсын.