Тәрбиелік іс-шаралар » СШ №19
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«Төле би атындағы №19 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(705) 797-08-09
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 51-05-11
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбиелік іс-шаралар
03
сентябрь
2018

Тәрбиелік іс-шаралар

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 орта мектебінде 

2018-2019 оқу жылындағы  тәрбие жұмысы туралы



2018-2019 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы   Білім  және  ғылым   министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі №227 бұйрығы бойынша  мектептің тәрбие жұмысының жоспары жасалынды.Жылдық жоспарда оқушы құзыреттілігін арттырудағы  қаралған барлық бағыттар қамтылған.

     2018-2019 оқу жылында   Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарттарының бірі іргелі негізі патриотизм болып табылатын өзіндік ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау екендігін атап өтті. Бұл орайда, мектепте осыған сәйкес  1 қыркүйек  Білім күніне   арнап   ұйымдастырылатын  «Адам капиталын дамыту факторларындағы тәрбие жүйесінің рөлі!»    Білім сабағы   1-11 сыныптар бойынша   өткізілді. 

  Барлығы  796   оқушы  қамтылды.

     Сабақтың мақсаты-қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу , Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарасты сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.

    «Адам капиталын дамыту факторларындағы тәрбие жүйесінің рөлі!»   тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.

 Салтанатты жиынға ата-аналар комитетінің төрайымы  Мулин Наргиза қатысып,ұстаздарды, оқушыларды Білім күнімен     білім күнімен құттықтап, 

1 сынып оқушыларына өз тілектерін білдірді.

 Сондай-ақ 9 «Ә» сыныбында « Рухани жаңғыру-Елорданың еңселі елестері!» тақырыбы  ашық тәрбие сағатын  АКТ пайдалана отырып,оқушыларды топтастыру арқылы ,жаңа технология әдістерін пайдалана отырып   мектеп директоры Айтбекова Мария Үрзатқұлқызы өткізді.

№ 1 кабинет  ( сынып жетекшісі Қалназарова Г ) -8 «А» сыныбында ашық тәрбие сағатын өткізді.


 

  №1 кабинет (сынып жетекшісі Жумадилова Д.А.)-4 А сыныбында мултимедиялық тақтаны пайдалана отырып өткізді.


«Абайла,балалар !» жолда  жүру ережесін сақтау және жол-көлік жарақатының алдын алу  бойынша айлық өткізілді.Барлық сынып оқушылары нұсқаулықпен таныстырылып, 1 сынып оқушыларымен  «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты ойын   өткізілді. «Қауіпсіз маршрут» балалардың үйден мектепке, мектептен үйге қайтудың сызбасы сызылып әр сынып бұрышына ілінді. 

Мектепішілік,сыныптық   ата-аналар жиналысытары және құқық бұзшылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы  Б.Кеңес  қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив