Мұғалімдермен жұмыс
Педагогтардың әдістемелік жұмысы
2018-2019 оқу жылында пилоттық білім беру ұйымдарына «Жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» әдістемелік тақырыбында мектептегі педагогикалық кеңесте рухани-адамгершілік білім беру мәселелерін қарастыру қаралған. Сонымен қатар мұғалімдердің әдістемелік бірлестік отырыстарының жоспарына енгізілген.
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2018-2019 оқу жылына арналған кесте бойынша вебинарларға қатысамыз.
Қараша айында «Өрлеу» біліктілігін арттыру орталығының «Өзін-өзі тану» пәнібойынша тренерлері Ф.Кулен,Н.Абдикеримовалар келіп оқыту семинарларын өткізді.
