Түлекпен кездесу
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2020 жылғы 22 ақпан күнгі №25 хаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында мектебімізде «Түлек KZ» сайты ашылды. Мектеп әкімшілігі табысты түлектердің деректер базасы жинақталуда.
Тургинбеков Ардақ Жумабекович – Тараз қаласы Полиция Басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының инспекторы полиция капитаны мектебімізге келіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында № 19 орта мектебінде 5-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Өз сөзінде Ардақ Жумабекұлы бұл мектепті бірінші сыныптан бері оқығандығы туралы , осы жетістікке жеткені ұстаздарының арқасы екенін айтып өтті.
Қазіргі кезде мектепте білім алушыларға әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайтыны туралы айтып ,осы үйірмеге қатысатын білім алушыларымызға 30 кепка сыйға тартты . Өзіңнің туған жеріңе, бала кезден үлкен, азамат болғаныңа куә болған ауылдастарыңның алдында «есімі елге белгілі» азамат ретінде сөз алған «ыстық» екен деп өз сөзін аяқтап, ризашылығын білдірді.