06
март
2026
«Аңызға айналған арулар» 📚🌷
«Аңызға айналған арулар» 

Мектебіміздің кітапханасында «Аңызға айналған арулар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп кітапханасының меңгерушісі Замбаева А.Ж. ұйымдастырып, оқырмандарға тарихта есімі қалған қайсар, ақылды әрі өнегелі қазақ қыздарының өмірі мен еңбегін таныстырды.
Көрмеде ел тарихында ерекше із қалдырған батыр қыздар, ақын-жазушы әйелдер және қоғам қайраткерлері туралы кітаптар мен танымдық әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар көрмемен танысып, қазақ халқының арулары туралы тың мәліметтер алып, олардың ерлігі мен даналығынан үлгі алды.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. 
