06
октябрь
2023
"Қарттарым аман сау жүрші" атты қариялармен кездесу
Тараз қаласы №19 орта мектебінің кітапханасында 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым аман сау жүрші" атты қариялармен кездесу өткізілді. Іс-шараны мектебіміздің директоры М.Ү.Айтбекова сөз сөйлеп қарияларымызды құттықтады. Мектебіміздің әншілері Сәрсенбековтер триосы "Ата-әже" әнін, Бидайбек Нұрбибі "Ана - әке" әнін, Берікболсын Ерболат пен Жұмабек Балауса "Менің қос бәйтерегім" әндері орындалды. сонымен қатар 6"Б" сынып оқушылары Қарияларға жыр шумақтарын арнады. Әжелеріміз жастарға баталарын беріп, өсиет әңгімелер айтты. Кеш соңында "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" дегендей: әжелерге арнап сый-сияпатымызды беріп шығарып салдық. Әжелер мерекелік көңіл күйде болып риза болды.
[media=]