01
апрель
2025
«Үздік педагог – 2025»
31 наурыз күні №19 орта мектебінде «Үздік педагог – 2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көрсету, үздік педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және ұстаз беделін көтеру.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:
"Цифрлық дәуір ұстазы" – өзін-өзі таныстыру.
"Инновациялық сабақ үлгісі "– заманауи сабақ өткізу әдістерін көрсету.
"Кейс-стади: Шешімін тап!" – кәсіби шеберлікті бағалау кезеңі.
"Ең үздік мотивациялық сөйлеу" – TED-style Talk форматында шабыттандыратын сөз сөйлеу.
"Креативті ұстаз" – ұстаздардың шығармашылық қабілетін көрсету.
Жүлделі орынға ие болған мұғалімдер
Бас жүлде : Бастауыш сынып мұғалімі :Идирисова Гулмира Сейдильдаевна
1-орын :Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Мырзараимова Асел Алтынбеккызы
2- орын Бастауыш сынып мұғалімдері: Ертаева Эльмира Асылханқызы
Икрамова Шолпан Бериковна
3-орын :Математика пәнінің мұғалімі: Жасанова Нургул Акбаралиевна
Информатика пәнінің мұғалімі: Арпабекова Назерке Мейрамбекқызы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:Кушенова Жазира Орынбаевна
Бұл байқау мұғалімдердің тәжірибе алмасуына, кәсіби дамуына және жаңа білім беру әдістерін меңгеруіне үлкен мүмкіндік берді. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай игі бастамалар ұстаздардың мәртебесін одан әрі көтеретіні сөзсіз.