17
сентябрь
2025
«Адал азамат»: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі - жаңартылған тәрбие бағдарламасы».
"Адал азамат" бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда!
Құрметті ата-аналар, оқушылар және әріптестер!
Бүгінгі таңда еліміздің болашағы — жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және ұлтжандылық сынды қасиеттерді қалыптастыру аса маңызды.
Осы мақсатта білім беру ұйымдарында "Адал азамат" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, пікірталастар, кездесулер өткізіліп келеді.
Бұл — тек мектеп қабырғасында емес, қоғамда әділеттілік пен адалдық қағидаттарын нығайтудың бірден-бір жолы.